Құрметті білім саласы қызметкерлер, әріптестер!
Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!!
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтаймыз!
Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
