Сәбилер бақшасында "Инновациялық технологияларды қолдану арқылы балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыстық кемшіліктерді түзету жолдары» тақырыбында ZOOMплатформасы арқылы №3 педагогикалық кеңес өтті. Пед кеңес барысында педагогтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай оқу қызметінде қолданылатын заманауи технологиялар туралы айтып, құралдарын көрсетті. Логопед С.А.Ниязбаева «Мектепке дейінгі балалардың коммуникативті-тілдік дағдыларды дамыту жолдары» туралы кеңес оқыды. Жас ерекшеліктеріне сай іріктелінген әдіс-тәсілдермен технологиялар, соған байланысты дидактикалық ойындармен тапсырмаларды көрсетіп түсінік берді. Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру жолдары туралы мәлімдеді. Бейнелеу өнері мұғалімі Қ.Балтабаева ««Бейнелеу әрекетінде мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыны қалыптастыру мүмкіндіктері» туралы баяндама оқып, кеңес берді. Жас ерекшеліктеріне сай бейнелеу әрекетінде қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар туралы мәлімдеп, педагогтармен тәжірибе жұмыс жүргізді.
