30 тамыз - Конституция күні!!!
Еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймыз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
