Құрметті ұстаздар!
Тамаша мереке — Мұғалімдер күні қарсаңында төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" — дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол. Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымдытабыс тілейміз. Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.
