Адам баласы ұлтқа бөлiнгенде даму, көркею секiлдi игi де, iзгi мақсаттарды көздейдi. Ұлттың жанын таза ақылмен ұғына бiлген жан бойында ғана ұлтшылдық қасиет қалыптасады. Ұлтты сүюге жол ашатын түзу жазылған тарих пен халқын қамқорлауға шамасы жеткен билiк (түзу саясат). Ахмет Байтұрсынов "Сөздiң ең ұлысы, ең сипаттысы — тарих. Тарихтың мақсаты бүтiн адам баласының өмiрi нендей табиғат заңымен өзгеретiнiн бiлу, тарихшылар халық басынан кешкен түрлi уақиғалардың мағлұматын, сымға тартқандай, сынға салып, мiнсiз етiп — дұрыстап өткiзедi", — дегендей, тарихпен ұлт тәрбиеленедi. Түзу тарихпен тәрбиеленген тұлға бойында өзiн де, өзгелердi де қадiрлей бiлетiн тектiлiктiң деңгейi қалыптасады. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық тойы қарсаңында «20 жұлдызды күн» шаралар жоспары бойынша, бақша ұжымы ата-аналармен бірге Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрына «Оян, қазақ... Ойлан,қазақ!» қойылымына бардық. Ел тәуелсіздікке қол жеткізгелі, әсіресе, сахналық туындылардың көкжиегі ерекше күйге енуде...
