Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
50-42-69
Мекенжайы: Естай көшесі, 93
504269
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 15.00 - 17.00 Бейсенбі: 15.00 - 17.00
Тәрбиеші-ұстаз ойы А.Т.Рахымжанова
06-02-2012 05:36
Тәрбиеші-ұстаз ойы А.Т.Рахымжанова

 

    Қазіргі заман талабына сай,  білім саласында ел болашағының тағдырын бізге сеніп тапсырғасын, үнемі іздену, үйрену қажеттігі туындайды.Қаңтар айында Астана қаласындағы «Республикалық    балаларды оңалту орталығында» «Монтессори - педагогикасы» бойынша ұйымдастырылған курстың І-кезеңі өтті. Курсқа әр облыстан 120 ұстаз жиналды.   Мария Монтессори италиялық педагог, ғалым, философ, гуманист. Монтессори әдістемесі баланың назарын дамытуға, шығармашылық және логикалық ойлауға, жадын, сөйлеу қабілетін, қиялын, моториканы қалыптастыруға көмектеседі. Бұл әдістеме айналадағы адамдармен араласу дағдысын меңгеруге септігін тигізетін ұжымдық ойындар мен тапсырмаларға аса мән беріледі. Сондай-ақ, баланың дербестігін дамыту үшін күнделікті өмірдегі әдеттерді меңгеруіне көңіл бөлінеді. « Монтессори педагогикасын» мынадай бір ұранмен сипаттауға болады: «Менің өзімнің жасауыма көмектес». Курста «Күнделікті өмір жатығулары», «Негізгі сенсорлық материалдармен жұмыс істеу әдісі» бойынша өте маңызды да,қызықты мағлұматтар берілді.  Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде алған тәжірибелерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмей ертеңге, жаңалыққа, өркениетке ұмтылу да - бір міндет.Тәрбиеші-ұстаздарға « Монтессори педагогикасын»  меңгеруге мүмкіншілік тудырған қалалық білім беру бөлімінің бастығы З.Қ.Мұқашеваға және балабақша әкімшілігіне  алғысымды білдіремін.

                                                                                              А.Т.Рахымжанова

 «№ 30 сәбилер балабақшасының»

 тәрбиешісі