Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
50-42-69
Мекенжайы: Естай көшесі, 93
504269
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 15.00 - 17.00 Бейсенбі: 15.00 - 17.00
Инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі VII Республикалық фестивалінің жүлдегерлері
19-12-2012 06:55
Инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі VII Республикалық фестивалінің жүлдегерлері

 

Инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі VII Республикалық фестивалі

    2012 жылдың 13-15 желтоқсан аралығында Алматы қаласындағы «Алатау» санаториясында 2 жылда  бір болатын Инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі VII Республикалық фестивалі өтті.  Фестивальді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім Департаментінің директоры Ж.Жонтаеваның атынан және өз тарапынан "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.Қирабаева алғы сөз тілектерімен ашты.

Фестивальда бағдарлама бойынша инновациялық идеяларды қорғау үшін 5-секция жұмыс жасады.

1.«Білім берудегі менеджмент жүйесі» (жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары);

2.«Әр түрлі сабақ, бірақ шеңбердің өз қолы...» (пән мұғалімдері);

3.«Сабақтан соң...» (сынып жетекшілер, әлеуметтік педагогтар және психологтар);

4. «Шеберліктің шыңына...» (педагог мамандар);

5. «Қосымша білім беру педагогы» (осы саланың педагог қызметкерлері).

     Республика бойынша қатысушы үміткерлердің саны 274 педагог болды. Павлодар облысынан 28 жұмыс қорғалды. Балабақшамыздың әдіскері Айгүл Кабдығалымқызы Алпысова және тәрбиеші  Айгүл Төлегенқызы Рахымжанова «Қосымша білім беру педагогы» секциясында  «Мария Монтессори педагогикасындағы күнделікті өмір жаттығулары»  тақырыбы бойынша жұмыстарын қорғап, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің вице-министрі М.Әбеновтен  ІІІ дәрежелі дипломға ие болып, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығынан сертификат алды. Алдағы уақытта әріптестеріміздің еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз.