2013-2014 оқу жылының желтоқсан айында №30 сәбилер бақшасы МҚКК жұмыс жоспарына сай Жаңа жыл мерекесіне байланысты көптеген іс-шаралар болып өтті. ІІ-ші сәбилер топтарында "Ақшақарда қонақта", естияр "Ертегі еліне саяхат", ересек "Кел жаңа жыл, жаңа жыл", даярлық топтарында "Мадагаскардың оқиғалары" тақырыптарында ертеңгіліктер ұйымдастырылды. Ән-күй жетекшілері мен тәрбиешілердің ұйымдастыруымен балалар мерекеге белсенділік танытып қатысты. Жаңа жылдық мерекеде балалар түрлі кейіпкерлердің киімдерін киіп, кейіпкерлерді сомдады. Ертеңгіліктер тақырыбы бойынша көптеген ойындар ойнап, Ақшақар мен Аяз атаны қарсы алып, өлең шумақтарын айтып, би биледі, жаңа жылдық әндер айтты. Өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, кейіпкерлермен белсенді іс-әрекетте болды. Балалар шаттанып, қуанышқа бөленіп, ертегілер әлеміне еніп кеткендей болды. Тәрбиешілер жүргізуші болып балалармен белсенді іс-әрекетте болды, балалардың көңіл-күйлерін көтеріп қызыққа бөледі. Ән-күй жетекшісі Акимбекова Үміт Қожақызы мен Қайыржанова Бибинур Қайыржанқызының ұйымдастыруымен балалар түрлі билер билеп, қойылымдар қойды. Ата-аналар да ертеңгіліктерге белсене қатысып, жаңа жылдық қызықтарды тамашалады. балалар мен ата-аналарға іс-шара өте қызықты және көңілді болды. Ата-аналар өз тараптарынан алғыстарын білдіріп жатты. Алдағы уақытта да осындай көптеген іс-шаралар ұйымдастырыладыф деген ойдамыз.
Жаңа жыл ертеңгіліктері
