"Қауіпсіз терезе" акциясы!
2019 жылы 4 мамырда Аймауытов атындағы театр алаңында "Қауіпсіз терезе" акциясын өткізеді. Аталған акцияның мақсаты балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу және болдырмау болып табылады.Бұл акция саяхат түрінде өтеді, ересектермен блиц-сауалнама жүргізіледі, балаларға ертегі кейіпкерлері балаларды үйде жалғыз қалдырғанда, тіпті бірнеше минутқа қалдырғанда ата - аналардың бейқамдығы неге әкеледі деп көрсетеді. Пластикалық терезелердің өкілдері блокираторлар мен бекіткіштерді орнату бойынша презентацияны қарауға ұсынады. Акция соңында барлық қатысушыларды әсерлі флэшмоб күтіп, лоторея ойнатылады. Тұрғындарға балалардың түсуінің алдын алу бойынша буклеттер мен жадынамалар табыс етіледі.
