Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)605814
Адрес: г. Павлодар ул. Теплова д, 46
8(7182)605814
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 9.00 до 18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Логопед жұмысындағы нейрожаттығулары мен ойындары.
06-02-2023 17:13
Логопед жұмысындағы нейрожаттығулары мен ойындары.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін , ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.

Балабақшада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру үшін дербес құрылымдық бірлік қажет, ол мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиеленушілерінің білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиісті жағдайлар жасауға бағытталған педагогтар мен мамандардың үйлестірілген қызметіне ықпал етеді. Мұндай құрылымдық бірлік психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі болып табылады.       

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің міндеттері:

1) Әрбір тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін және ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау;

2) Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

3) Ерекше білім беру қажеттіліктерібар балаларға психологиялық-педагогикалық көмектің заманауи технологияларын қолдану;

4) Педагогтер мен ата-аналарға ерекше білім беру қажеттіліктері  бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету;

5) Баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мәселелерін шешу келесі принциптерге негізделген:

- Әрбір бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;

-Әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, оқыту қызметіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым-қатынасын қалыптастыру;

- Олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез-құлық қалыптастыру;

- Мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті құралдармен қамтамасыз ету;;

- Көңіл-күйі, тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі түзетулер жасау.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мектепке дейінгі ұйымның негізінде құрылатын командалық жұмысты қарастыру:

- Оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды және балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау мен бағалауға бірыңғай тәсіл мен талаптарды сақтау;

-Мүмкіндігі шектеулі балаларға  ерекше білім беру назарсыз қалмауы үшін әр педагог әдіс-тәсілдерін нақты ойластыру қажет.

 - Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата-анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас қалыптастыру. 

- Сүйемелдеу мамандары арасындағы жауапкершілікті бөлу.

Балабақша тәрбиешілері, әдетте, тәрбие мен оқытудың белгіленген стандарттарын қанағаттандыратын "орта" тәрбиеленушіге бағытталған бірыңғай білім беру және оқу мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған. Нақты тәжірибе көрсеткендей, әрбір мектепке дейінгі ұйымда білім беру қиындықтары таныс нормалардан асып түсетін және оқумен байланысты мерзімді немесе тұрақты қиындықтарды бастан кешіретін балалардың осындай санаты бар. Мұғалім-логопедтердің алдында тәрбиеленушілердің,  олар қандай себептерге байланысты болса да, балалар арасындағы айырмашылықтарды толық қабылдаған кезде жеке білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті тұрады. Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтың жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатысады (сурет салу, жапсыту т.б.) және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады.Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырған оқу іс-әрекеттеріне қатысып үлгілік оқу бағдарламасы бойынша білім алады.Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру процесіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік жасайды.Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқатүсуге үйренеді.Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.Тек осы жағдайда ғана,  балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туады.Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.Аталған бағыттар жүзеге асырылса, мектепке дейінгі ұйымдар мен инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін мектептердің арасындағы сабақтастық ертеңгі күнгі болашақ саналы азаматтарымызды тәрбиелеуге мол үлесін қосатынына кәміл сенеміз.