Бүгін туған аймағымызда мерейлі мереке - Конституциямыздың мейрамы тойлануда. Бұл күнді еліміздің әр облысы, әр аймағы атап өтіп, тәуелсіздік үшін тағы да бір рет тәубе етеді. Осыған орай біздің балабақша ата-аналарымызда шетте қалған жоқ. Бүлдіршіндерімізбен бірге алаңға шығып, барша Қазақ елін Тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің тірегі болған Ата Заңымыз күнімен шын жүректерінен құттықтады!