Аналарға сыйлық!
Тамаша тілім барда айнала маң, Жан бар ма асыл сөзден жайнамаған? Анамның ақ сүтінен жаралғандай, Өзіңнен артық тілді қайдан алам! Анашым ақ бесікті тербеткенде, Әлдилеп мол мейірімен әндеткенде. Жаныма шәрбат болып енген тілім, Табынам әз қасиет бар деп сенде. Біздің балабақшамызда 2016 жылдың наурыз айындағы 4,5,6 жұлдыздарында "8 - наурыз халықаралық әйелдер күніне" арналған "Мерекелік тосын сый" атты ертеңгіліктер аталып өтті. Тәрбиеленушілер ана - әжелеріне әндерін шырқап, мың бұрылған билерімен тамсандырды. Ал аяулы аналарымыз болса, тек қана балалармен бірге ойындар ойнап қоймай, өз қолдарынан киім үлгсін тігіп, сән көрмесін ұйымдастырды. Қуанышты балалар өздерінің жылы ықыластарын тәрбиешілермен бірге әзірлеген қолхаттарын сыйлаумен білдірді.
