"Қауіпсіз терезе"
Павлодар қаласының №43 сәбилер бақшасында өткен жылдан бастап «Қауіпсіз терезе» науқаны ұйымдастырылып келеді. Аталмыш жоба биыл да өз жұмысын жалғастыруда. Балалардың қауіпсіздігіне ең алдымен ата-ана жауапты. Осыған назар аудару мақсатында арнай іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты - ата-аналарды ақпараттандырып, балаларды қауіп-қатерден сақтандыру.
