"Ертегі жолымен жүгіру" атты спорттық шара

Ересек топта «Ертегі жолымен жүгіру» атты спорттық шара өткізілді. Балалар ертегілер әлемінде саяхат жасап, онымен байланысты жұмбақтарды шешіп, түрлі спорттық тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ, ұлттық «Тақия тастамақ» ойынында белсенді қатысып, сенсорлық соқпақтарда бойларын қыздырды. Бір сөзбен айтқанда, біз қызықты әрі белсенді уақыт өткізіп, жүздерімізден күлімсіреу үзілмеді!