Сенім телефоны
8(7182)650357
email: detki45_pvl@mail.ru
Мекенжайы: 1 Май көшесі 7
8(7182)650357- басшы 8(7182)552738-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00 - 18.00
"Абайлаңыздар - ашық терезе және балалар!"

Жыл сайын күннің жылынуымен балалардың әсіресе 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндердің терезеден құлап, жазатайым оқиғалардың күрт өсуі байқалады. 

Медициналық көрсеткіш негізінде, терезеден құлаған балалар саны күн сайын артуда. 

Көп жағдайларда балалар өте ауыр арақаттар алады. Сонымен қатар, бала денсаулығын жақсарта алмай, мүгедек болып қалуы әдбен мүмкін. 

Күн жылына басталған кезден ата-аналар балаларды қадағалап, терезе жаңына жақындатпау керек. 

Ата-аналарға жадынама!!!

1. Балалардың терезеден құлап түсуі көп жағдайларда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруында болады. Кішкентай алаларды жалғыз қалдырмаңыздар! 

2. Ешқашан терезе торларына сенбеңіздер! Олар балаларды қорғауға арналмаған. Керісінше, көп жағдайларда балалар оны терезе шынысы деп ойлап, соған сүйкенеді. 

3. Балалар терезеге шыға алмауы үшін, терезе жанындағы барлық жиһаздарды жылжытып тастаңыздар. 

4. Мүмкіндігінше, терезенің үстіңгі жағын ғана ашыңыздар. 

5. Терезелерге арнайы фиксаторлар қойыңыздар.

6. Баланы қорғау үшін терезе торларың қойыңыздар.

7. Терезеге жақын тұрған кереуеттен, диваннан  секірмесін.

8. Балаларға қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізіңіздер. Ересек балаларға өзінен кіші балаларға қамқор болуларына жағдай жасаңыздар.