Сенім телефоны
8(7182)650357
Мекенжайы: Мәшһүр Жүсіп көшесі, 7
8(7182)650357- басшы 8(7182)622738-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00 - 18.00
Президентінің Жолдауы
21-01-2014 12:55
Президентінің Жолдауы

«№ 45 сәбилер бақшасы» МҚКК ҚР Президентінің Жолдауын талқылауы.

 

Балабақша ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ халқына арналған «Қазақстан жолы - 2050»: ортақ мақсат, ортақ қызығушылық пен ортақ болашақ" атты Жолдауын назар салып тыңдады.

 Осы жолдауынан үлкен әсер алдық. Жолдау жылдан жылға біздің алдымызда батыл міндеттер қоюда. Тәуелсіздік алғаннан бері, еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, дамудың өз жолын тапты. Еліміздің жетістіктері бізді демеп тұрады.

Елбасымыз аталмыш Жолдауында 80-нен аса жаңа инновациялық ойларын атап шықты.

Елбасы еліміздің жағдайы мен сыртқы және ішкі саясаттың басты бағыттары: қоғамның дамуы, жаңа жүз жылдықтағы саяси және экономикалық реформаларды айтты. Елбасымыздың саясаты арқасында көп ұлтты мемлекет бола тұра, елімізде бейбітшілік орнаған. Ал бұл біз үшін аса маңызды.

«Қазақстан - 2050» стратегиясы сұрақтардың шешімін бірден табуға жағдай жасайды. Ол бізді жігерлендіреді, әрі әлеуметтік жағдайымыздың жақсарғаны да сезіледі.

2020 жылы Елбасымыздың болжауы бойынша 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Алдымыздағы 3 жыл ішінде қазақ мектептеріндегі оқу орындарының болмау проблемасы жойылады.

Біз тәрбиешілер,сұрақтың шешімін толықтай қолдаймыз. Павлодарда 3-6 жас аралығындағы балалар балабақша қызметімен қамтамассыз етілгенін атап өткіміз келеді.

Елбасымыздың жыл сайын еңбек ақыны жоғарылатуы біз үшін маңызды, 2016 жылдың 1 қаңтарында студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға көтерілетін болады.

2015 жылғы 1 шілдесінен қызметкерлердің еңбекақысының жаңа моделі енгізілді, денсаулықты қорғау қызметкерлеріне – 28 пайызға, білім беру – 29 пайызға, әлеуметтік қорғау – 40 пайызға жоғарылайды.

Президент өз Жолдауында көптеген батыл міндеттерді жүзеге асыру жолын жастарға тапсыруда, жастар – біздің болашағымыз емес пе?! Біздің ұжым жас, ұжымда көптеген, шығармашыл жастар жұмыс жасауда.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев еліміздің, біздің алдымызға  бірлескен қоғамдық еңбекті қажет ететін міндеттерді қойды. Нақты бағдарлама мен мемлекеттік органдардың бірлескен әрекеті – алға жылжудың кепілі. 

Біз өз еліміздің патриотымыз, біз Қазақстан азаматы болғанын мақтан тұтамыз. Біз өз Елбасымызға сенеміз.