Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)650357
Мекенжайы: Мәшһүр Жүсіп көшесі, 7
8(7182)650357- басшы 8(7182)622738-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00 - 18.00
Павлодар қ. «№45 сәбилер бақшасы » МҚКК Наурыз мерекесін тойлау туралы ақпарат
18-03-2014 09:10
Павлодар қ. «№45 сәбилер бақшасы » МҚКК Наурыз мерекесін тойлау туралы ақпарат

Балабақшамыздың ашылуына бір жылдан аса уақыт болса да, өзіміздің қалыптасқан салт-дәстүрлеріміз бар. Ата-аналармен бірге қоса балабақша аумағында флешмоб, отбасы күнін, сондай-ақ топтар арасында әр түрлі сайыстар мен ойындар өткізіледі. Ата-аналарға наурыз мейрамын тойлаудың өзіндік маңыздылығы бар, себебі бұл мерекеге ұстаздармен қоса ата-аналар да қатысады. Наурыз мейрамының қадірлі қонақтары- тәрбиеленушілеріміздің ата-әжелері, педагогика еңбегінің ардагерлері. Наурыз мейрамының сценариі бойынша ата-аналар әр түрлі ойындарға қатысып, өздерінің шапшандылығын, әр түрлі ұлттардың киім үлгілерін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. Мерекеміздің ерекшелігі «Наурыз көжеде». Бұл сайыста аналарымыз бен әжелеріміз «Наурыз көжені» қорғауда өздерінің білімдері мен ақылдылықтарын көрсете алады.  Әр топ-ауыл дастархан жайып, өзге де ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарын ортаға салды. Мерекеміздің  соңы әр топ қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм татқызған дастархан басындағы отырыспен  аяқталды.