№ 2 педагогикалық кеңес: «Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологиялары».

2014 жылдың 11 қарашасында "Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологиялары" атты № 2 педагогикалық кеңес өтті.
№ 2 педкеңеске дайындық жұмыстары жүргізілді. Семинар-практикум өткізілді. Ашық көрсетілімдер көрсетілді. Тақырыптық бақылау өткізілді.
Педкеңес пікірталас түрінде ұйымдастырылды. Педагогтар: ата-аналар - педагогтар - медецина қызметкерлері - әкімшілік топтарына бөлінді. Әр топ өз тұжырымын айтты.
Пікірталас барысында туындаған проблемаларды шешу жолдарын іздестірді. Қандай денсаулық сақтау технологиялары қолданылады және тағы қандай технологияларды қолдануға болады деген сұрақты қарастырды.