
Бүгін біздің балабақшада ,ересек « Бөбектер »тобында сүйікті де белсенді ата - аналарының арасында «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей отбасылар сайысы өтті. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ . Топтан 10 ата-ана өз баласымен қатысты. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады. Балалар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балалар және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру мақсаттарымен осы сайысты өткізіп отырмыз.Сайыстың соны марапаттау рәсімімен аяқталды.