Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (718)2 60-84-45
Мекенжайы: Павлов көшесі 82/1 тел.608492, 608445
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Елбасының бес әлеуметтік бастамасы»
16-03-2018 11:32
«Елбасының бес әлеуметтік бастамасы»

«Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» - елдің игіліне арналған ұтымды жоба. «7-20-25» бағдарламасы - халыктың әлеуметтік әл-ауқатын әрі қарай жақсартатын ауқымды бастама. Әрбір отбасына баспана және несие алу үшін өсімнің мөлшермесі төмендетіліп, мерзімі ұзарту сияқты жаңа мүмкіндіктер пайда болмақ. Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек ақысын көбейту үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін азайту, сонымен қатар жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, 20 мың грант бөлу және елді газбен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. Бастамалардың халық үшін айрықша маңызды екендігін ескеру қажет. Бүкіл қазақтандықтардың болашағын жоспарлауға, тұрмысын одан әрі жақсартуға игі әсер етеді. Бүгінгі күнде жұмыссыз жүрген жастар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен шағын несие беруді көбейту көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Азаматтардың болашаққа сеніммен қарауына жол ашатын игі бастама. Бұл бастама елді елең етгізгені сөзсіз.