Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (718)2 60-84-45
Адрес: Павлов көшесі 82/1 тел.608492, 608445
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
"Наурыз-думан" мерекесі
19-03-2018 23:24

№ 46 балабақшамызда «Наурыз-думан»мерекесі өтті.
Өнерлі тәрбиешілеріміз бірі Қыдыр ата болса, бірі әже болып , мерекенің шырайын келтірді. Балабақшамыздың меңгерушісі Кусанова М.М. кішкентай бүлдіршіндерімізді, ата-аналарымызды, балабақша ұжымына ұлыс күні тарихына тоқталып, ақ тілектерін айтып құттықтады. Мерекемізге келген ата-аналар дән риза болып, ән шырқап, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты.
Бұл мереке адамзат баласына тек нұры мен шуағын, шапағаты мен қуанышын сыйлап, ешбір жанның жүзіне күлкі сәулесін төкпей қоймасы анық. Қайғы мұңның бәрі ұмытылып, алдыңғы күндерді тек қуанышқа толтырудың жолы ашылады. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын ағайын!!! Ақ мол болсын!