Біздің бүлдіршіндеріміз 41б/б өткізілген «Қазақтың ұлттық ойындары» сайысында І орынға ие болды. Балалар ұлттық ойындарының түрлерін атап , көрсете білді.Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі.
Сондай, аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан қалған байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әсер беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас бүлдіршіндеріміз ойнай да, күле де, ойлай да білсін!
