Рухани Жаңғыру бағдарламасы жүзеге асыру аясында «№ 46 сәбилер-бақшасы» МҚКК аясында № 12, 43, 30 балабақшалармен бірлесе отырып «Алтын сақа» қалалық конкурс өткізілді.
Осы конкурсты ұйымдастыру мақсаты: ұлттық мәдениет деңгейін, ұлтымыздың дәстүріне деген қызығушылықтарын және сый-құрметін арттыру.
Конкурс барысында балаларды этномәдени тәрбиелеу мәселесіне байланысты сұрақтар болды. Балалар 7 қазына, 3 жұрт түсініктерін, ұлттық ойындар мен салт дәстүрлерді біледі. Мақал-мәтел сайысы болды.
Конкурс жеңімпаздары:
І орын - № 30 сәбилер балабақшасы;
ІІ орын - № 12 сәбилер балабақшасы;
ІІІ орын - № 46 сәбилер балабақшасы;
«Білгіш топ» номинациясы № 30 сәбилер-бақшасына, «Мағыналы көрініс» № 12 сәбилер-бақшасына берілді. Балаларға граммоталар және сыйлықтар табысталды.

