Балабақшамен қоштасу ертеңгіліктері!
2019 жылдың 24 мамырында "Радуга" және "Колокольчик" топтарында балабақшамен қоштасу ертеңгіліктері өтті.
Біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салдық. Балаларымыз осыдан 4 жыл бұрын кішкентай бүлдіршін болып келген, енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, мектепке қадам басқалы тұр. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!. Балаларға «Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа нұр жаусын» -дей отырып, қимастықпен мектепке шығарып салдық.
