2019 жылдың 19-шы қарашасында Павлодар қаласының «№46 сәбилер бақшасында» «Спорт денсаулық кепілі» атты отбасылық эстафета өткізілді. Аталымыш шараның мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, қозғалыс әрекеттерін дамыту және физикалық қабілеттерін одан ары қарай жетілдіріп дамыту, отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайту. Спорттық ойын шарасы 6 кезеңнен тұрды, оған үш ересек тобының ата-аналары, яғни Темирболатовтар, Бейсеновтар, Тоқсанбаевнтар, Шаленовтар және Ашировтар отбасылары қатысты. Барлық кезеңдерде балалар мен ата-аналар өз жүйріктілігін, шыдамдылықтарын, спорттық біліктіліктерін көрсете білді. Өткізілген спорттық ойын-шарасы балаларды, ата-аналарды татулыққа, достыққа баулыды, барлықтары бір команда болып көрінді, Ойын-сайысы балалр үшін нағыз спорт денсаулық мерекесі. Барлық командалар тамаша көтеріңкі көңіл күй, сергектік және эмоциялар алып қайтты. Сонымен қатар грамоталарымен марапатталды.
Спорттық эстафетаны өткізген №46 сәбилер бақшасының дене тәрбие жетекшісі Марал Сұлтанқызы Исабаева.
