2019 жылдың 24 - нен бастап 26 желтоқсан аралығында балабақшада жаңа жыл мерекесі өтті. Балалардың асыға күткен мерекеге ерекше дайындалды, балалар тақпақ және өлең жаттаса, ата-аналар әртүрлі костюмдер дайындады. Балабақша ұжымы мерекеге сай топтарды, дәліздерді және музыка залын безендірді.
Балалардың жас ерекшелігіне сәйкес музыка жетекшілері сценарийлер құрастырып, дайындық жұмыстары жүргізді. Ертеңгіліктерге аяз ата мен ақшақар және басқада кейіпкерлер қонаққа келді. осы жылыда мыстан кемпір келіп мерекені болдырмауға тырысты. Балалар аяз ата мен ақшақарға көмектесіп, жақсылық зұлымдықты жеңетінін дәлелдеді.
Ата-аналарда бос тұрмады, ойын ойнап, флэшмоб биледі. Мереке өте қызықты өтіп, барлық қонақтарға керемет көңіл күй сыйлады.



