«БӘЙГЕ» - ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛГІРЛЕРІНІҢ САЙЫСЫ
Павлодар қаласының №39 мектебі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы “Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негізі” нысаналы-бағдарламалық қаржыландырудың (QR 11465474) “Қазақстан Республикасында үштілді білім беруді дамытудың концептуалды негізі” жобасы аясында 5-сыныптар арасында «Бәйге» сайысы шарасын өткізді.
Шараның мақсаты: оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, ойлау қабілеттерін, тілін дамытумен қатар шығармашылыққа баулып, танымдық қабілеттерін арттыру.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды:
1.Таныстыру
2.Сөзжұмбақ
3.Мақал-мәтелдер
4.Табақшадағы әріптер
5.Бүлінген факс
6.Сұрақ-жауап
Оқушылар барлық кезеңдерге қызығушылықпен белсенді қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 5 «Д» сыныбы «Құлагер» тобы - 1 орын, 5 «Г» сыныбы «Тұлпар» тобы - 2 орын, 5 «В» сыныбы «Сұңқар» тобы – 3 орынға ие болды.
Жауапты мұғалімдер: Н.Е.Тұмарбекова, Г.Минап