РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
2023 жылдың 25 наурызында Шымкент қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталды.
Бұл ғылымның іргелі пәндерінде өз білімдері мен дағдыларын дәлелдеген дарынды оқушылардың ішінде мектебіміздің 8 сынып (9 сынып үшін қатысты) оқушысы Соколов Вячеслав болып, мектебіміз бен облыс атын республикалық деңгейде қорғады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Соколов Вячеслав география пәнінен 2 орынға ие болып, екінші дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталды.
Оқушыны дайындаған педагог-шебер, жоғары санатты география пәнінің мұғалімі А.К.Жұмабаева.
Вячеслав пен Асия Камалиденовнаны республика көлемінде көрсеткен жоғары нәтижемен құттықтаймыз! Болашақта оқу мен ғылыми зерттеулерде жарқын табыстар тілейміз!