«Бастау» кіші мектеп оқушыларының республикалық математикалық турнирі

Наурыздың 28-і күні Алматыда кіші мектеп оқушылары арасында математикадан «Бастау» республикалық турнирі аяқталды. Бұл бастауыш сынып оқушылары үшін ең қиын рейтингтік олимпиада. Бұл олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан 46 команда қатысты. Павлодар командасы үш күн бойы өз білімдері мен математикалық қабілеттерін командалық және жеке кезеңдер бойынша абыроймен көрсетті. №39 мектептің намысын Хабылбеков Али Қахан қорғап, 3 сыныптан облысымыздың атынан өнер көрсетті. Али Каханның жеке есебі – 3 орын, командалық есеп – 1 орын. Құттықтаймыз Али Кахан!!! Біз оның жетістіктерімен мақтанамыз және оған алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!!!