SCAFFOLD жобасының презентациясы
2025 жылдың 8 қазанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қолдауымен Еуропалық білім қоры ұйымдастырған DARYA SCAFFOLD халықаралық жобасы аясындағы республикалық семинар қатысушыларының №39 жалпы орта білім беру мектебі педагогикалық ұжымымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында педагогтар «Scaffold құралдарын қолдана отырып оқу сабақтарын жобалау» бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылындағы мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырылды. Бағдарлама мұғалімдердің инновациялық білім беру тәсілдерін енгізу және цифрлық құралдар арқылы оқытудың сапасын арттыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
