Құттықтаймыз!
Хабылбеков Али Кахан — «Бастау» қалалық және облыстық математикалық олимпиадаларының абсолютті жеңімпазы, республикалық кезеңнің жүлдегері. Сонымен қатар Болгарияда өткен халықаралық математикалық байқаудың бірнеше мәрте жеңімпазы.
Касимов Данат — робототехника бойынша республикалық жобалар байқауының жеңімпазы, сондай-ақ АҚШ-та өткен әлем чемпионатының жүлдегері.
Бұл жетістіктер — олардың білімге деген құштарлығы мен табанды еңбегінің жемісі.
Мектебіміздің мақтанышы атанған дарынды оқушыларымызға алдағы уақытта да биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Еліміздің жарқын болашағын қалыптастыратын көшбасшылар болыңыздар!
