Е.Ерботин оқулары
2025 жылдың 21 қазанында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында ақын, журналист Есентай Ерботиннің 85 жылдық мерейтойына орай «Балалар әдебиетіндегі ірі тұлға» атты оқушылар арасындағы облыстық мәнерлеп оқу байқауының қорытынды марапаттау кеші өтті.
Облыстық байқауға жобамен 60 шақты 2-6 сынып оқушылары қатысты. Іріктеуден сүрінбей өткен 8 оқушы финалда бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 5 «М» сынып оқушысы Ванин Артём 1-орынды иемденіп, бағалы сыйлық — ноутбукпен марапатталды. Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, «Балауса» қуыршақтар театрының жетекшісі Баталова Қалимаш Октябриновна.
