«Scaffold – XXI ғасыр дағдылары» екінші оқыту тренингі
2025 жылдың 10–14 қарашасы аралығында Павлодар қаласының №39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінің педагогтері (А.К.Жангазин, Т.В.Жукова, С.А.Сабирова, Г.Минап, М.Х.Тулькубекова) орыс тілі және әдебиет, қазақ тілі және әдебиет, шетел тілдері және тарих факультеттерінің 4-курс студенттерімен «Scaffold – XXI ғасыр дағдылары» атты екінші оқыту тренингін өткізді.
Сабақтар барысында болашақ мұғалімдерге мектеп түлегінде қалыптасуы тиіс негізгі құзыреттер түсіндіріліп, оларды дамытуға мүмкіндік беретін білім беру құралы — Scaffold жүйесімен таныстырылды. Студенттерге арналған тренингтер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
