Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы іс-әрекетте
2026 жылдың 11-12 ақпанында Павлодар қаласындағы инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар №39 жалпы орта мектебіндемұғалімдерге арналған үздіксіз кәсіби даму бойынша аймақтық екі күндік тренинг өтті.
Бұл іс-шараны «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ “British Council” @britishcouncilenglishonline әзірлеген «Орталық Азияда ағылшын тілін оқытуды жеделдету (AELLCA)» халықаралық бағдарламасының аясында ұйымдастырды.
Мұғалімдерге арналған тренингті Павлодар облысындағы “Өрлеу” аға мұғалімі Жанар Амантайқызы Слямова жүргізді.
Тренинг оқытудың тиімді тәсілдерін және үздіксіз кәсіби дамудың құрамдас бөліктері ретіндегі рефлексивті оқыту тәжірибелерін қамтыды.
Ұсынылған материалдар Британдық Кеңес пен Норвич тілдік білім беру институтының (NILE, Ұлыбритания) әзірлемелеріне негізделгенін және тренингке қатысушылардың жоғары бағасына ие болғанын атап өткен жөн.
