Scaffold іс-әрекетте: білім берудің жаңа көкжиектері
№39 жалпы орта білім беру мектебінде инновациялық білім беру құралы — Scaffold табысты енгізілуде. Бұл әдістеме оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін жүйелі түрде қалыптастыруға бағытталып, олардың зияткерлік дамуына сенімді «тірек» қалыптастырады. Scaffold құралы тек білім беріп қана қоймай, метапәндік дағдыларды дамытып, оқушылардың өз жетістігін өз бетінше қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Технологияны тиімді енгізу мақсатында мектепте тәлімгерлер Т. В. Жукова, А. К. Жангазин, Г. Минап, С. А. Сабирова, М. Х. Тулькубекованың жетекшілігімен шығармашылық топ құрылған.
Енгізудің басты ерекшелігі — Action Research (іс-әрекеттегі зерттеу) әдісін қолдану. Бұл тәсіл педагогтерге әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, әдістемені жедел жетілдіру арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
