Республикалық олимпиада жетістігі
11-сынып оқушысы Садвакасов Фархат неміс тілі пәні бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде ІІ орын иеленді. Жетекшісі — неміс тілі пәнінің мұғалімі Мокроусова Танзиля Рафкатовна.
Сондай-ақ 11-сынып оқушысы Слямова Дана ағылшын тілі пәні бойынша республикалық деңгейде мектеп пен облыс намысын қорғап, мамандандырылған мектептер арасында лайықты нәтиже көрсетті. Жетекшісі — ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Елемесова Бакыт Мунайдаровна.
Оқушыларымыз бен ұстаздарымызды құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер тілейміз.
