Мектеп – біздің балаларымыз келген жаңа әлем. Оқу жылының басталғанына 1 айдай уақыт болса да, бірінші сынып оқушыларының алғашқы қадамы, алғашқы сезімдері жайлы сөз қозғауға болады. Жасырмаймыз, алғашқы апта – ең қиын кезең, көптеген ақпараттар, жаңа адамдар, талаптар дегендей. Сондықтан, кейбір балаларда қорқыныш болғанына таңғалмаймыз.
1 Д сыныбының мұғалімі Е.В.Трушакованың арқасында, біз- ата-аналар, балалар мектепке алғашқы қалыптасу сатысынан қиналмай өттік. Ән-күй және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдеріне шексіз алғыс, себебі, барлық балалар сіздердің сабақтарыңызды қуана күтеді. Мұғалімдер күні мерекесіне орай, ЖББ №39 мектептің барлық педагогикалық коллективіне төзімділік пен денсаулық, бақыт пен қуаныш және зерек оқушылар мен ұғымтал ата-аналардың болуын тілейміз.
Құрметпен 1 «Д» сынып ата-аналары.