Ашық сабақ
Біз қаламыздың №39 орта мектебінде 7 «д» орыс сыныбында оқимыз. Қазақ тілін екі топқа бөліп оқимыз. Біздің топты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Есембаева Бақтылы Иланбекқызы оқытады. Тобымызда әртүрлі ұлттың оқушылары оқиды. Акпер- әзербайжан, Никита мен Дима- неміс, Натали- орыс, Кристина- украин қызы. Мен қазақпын, ана тілін білу маған парыз, ал өзге ұлтты сыныптастарым қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқиды. Сабақ үстінде біз тек қана қазақ тілінде сөйлеуге тырысамыз. 17 қазан күні біздің сабағымызға көптеген мұғалімдер келді. Бақтылы Иланбекқызы оны мектепте «қазақ тілі апталығына» байланысты деп түсіндірді. Біз қазақ тілін қаншалықты жақсы білетінімізді көрсетуге тырыстық. Сабақ өте қызықты әрі тартымды өтті.
Айкенов Илияс