5 «Е» сыныбында математика және ИВТ апталығында «Математикаллық ралли» жарыс-сабағы өтті. Оқушылардың басқа пәндер сияқты математика пәні бойынша білім сапасын және қызығушылығын арттыру әдістерінің бірі – дәстүрлі емес сабақтар болып табылады. Балалар кішкентай кездерінен әрбір істі ойынға айналдыруды жақсы көреді, сондықтан математикалық жарыстарды ойын түрінде өткізген нәтижелі болады. Ол оқушылардың шапшаңдығын және ойлау қабілетін, қорытынды шығаруға, кез-келген тапсырманың шешімін дұрыс табуға және оқу үрдісініе сүйсінуге, және т.б. қабілеттерін дамытады. «Математикалық ралли» жарыс-сабағы тақырыбы: «Ағаштармен бірігіп жұмыс жасау», бұл сыныпта 2 экипаж болды «Оңтүстіктік Архимед» және «Кішкентай квадраттар». Олар кедергілерді жеңе отырып, орындарына келуі керек. Барлық тас жол бойынша 5 кедергі ораластыру керек:
1-Таныстыру. 2-«Гонкалық машина құрастыру». 3- «Қйылыс орны бойынша жарыс». 4 – «Кенеттен тоқтау». 5- «Демалу»