«Достық үйі»
28 наурызда 2 «Б» сынып пен сынып жетекшісі Г.К.Нурекенова «Достық үйі» мәдениет үйіне барды. Біздің халқымыздың өмірі, халықтық салт-дәстүр туралы, музыкалық аспаптар туралы көптеген мәлімет алды. Мұнда қызықты мерекелер, облыстық және қалалық байқаулар, жарыстар, әйгілі адамдар мен кездесулер, кештер өтеді. Әрбір халықтық орталықта жеке кабинеті бар. Ол достықты, бауырластықты, сенімді және талеранттылықты нығайтады.