Демалыс кезінде бірнеше оқушы Пушкин каласында болып қайтты. Мен Питер туралы көптеген мақтау сөздерді жиі еститінмін, бірақ онда ешқашанда барған емеспін. Санктпетербург мен көрген суреттерден әлдеқайда әдемі болып шықты.
Жол жеңіл болды, бұл жақсы ортада болғандықтан шығар. Әр қадам сайын ғимараттардың көркемділігі бірінен-бірі өткенін көресіз, ескерткіштер, монументтер көп екен. Әр күн сайын біз Питер бақтарын араладық.
Ауа райы суық болды, біз ауырып қалмас үшін жылы киініп алдық,менің ойымша бұл қалаға келген адам өнермен ғана ауырады. Біз Исакиевский шіркеуінде, Казань шіркеуінде, Эрмитажда, Патша жерінде, Маринский театрында болдық Санкт-Петербург тарихы кез-келген адамды таң қалдырады, сондықтан әрбір көше, бақ, сарай өнер.
Мен бұл қалаға бозғылт түнді, әртүрлі көпірді, жазғы сарайды көріге тағыда қуана-қуана барамын.