Облыстық балалар кітапханасында ашық аспан «қонақ бөлмесінде» кішкентай қонақтарымызды қарсы алды. Сонда, татар халқының салт-дәстүрлерімен, әдеп-ғырыптарымен және мәдениетімен біздерді таныстырды. Біз "Сабантуй" туралы білдік. Сабантуй - "халық мереке" деген мағынаны білдіреді, яғни башқұр, татар, чуваштың мерекесі. Сабантуй түркі тілінен «Соқаның тойы» — сабан (соқа) и туй (мереке, той). Мереке татар тілінде сабантуй немесе сабан туе болады.Татарлар арасында Сабан бәйрәме деген сөзі бар. (бәйрәм - "мереке" деген). Сабантуй жазда тойланады.Барша жиналған қауымды ұлттық меркесімен құттықтап, Сабантуй мерекесін қала немесе аудан басшысы ашады. Ең басты Сабантуйда, Казань қаласында - Татарстанның Президенті ашады. Салтанатты рәсімі кейін, ойын-сауықтыру кезеңі басталады: әншілер шығады, бишілер билейді. Концерт аяқталған соң, жарыстар өткізетін орны, уақыты айтылады. Дәстүр бойынша, жеңімпазға қой береді.