Өзін-өзі басқару - бұл керемет!
3 "Д" сынып оқушылары ерекше рөлінде, яғни мұғалімнің рөлінде болды. Қызықты және танымды материалды жинау, балаларды сабақта ұйымдастыру, мұғалімнің имиджді ұстау - бұл нағыз сынақ болды. Белгибаева Әдел мен Мухамедьярова Сабина қазақ тілі сабағын өткізді, Жұмақанова Жұлдыз - дүниетану пәнінен, Рабкова Ольга - логикалық математиканы өткізді. Біздің балаларымыз - Сәрсенбеков Дамир, Якимова Анна, Плотнир Владислав бірінші сыныптарында мұғалімдер болып, сабақтар өткізді. "Жас мұғалімдердің" сабақтары керемет боп шықты! Ең басты - аталмыш ойын сыныптастарды тыс қалдырмады. Балалар мұғалімнің қиын еңбегін бағалады.
3 «Д» cынып ұжымы