Қаланың ескі саябақта серуен
Қаламыздың тарихи көшелерінің бірі - Ленин көшесінде ескі саябақтарының бірі Ленин саябағы орналасқан. Саябақ павлодарлықтардың демалыс зонасының бірі болады. Жазда саябаққа балалар жиі келіп тұрады. Қай жерде осылай әткеншек тебуге, арыстанды, пілді "ерттеп", ақ аюдың мойнында отырып демалуға болады. Тренажерда спортпен шұғылдану немесе баспалдақтарда және таушаларда қолдарының күшін тексеруге болады. Әрине, осы Ленин саябағында. Аталар мен әжелер демалған саябақта уақытымызды көңілді өткіздік.
"Түймедақ" отряды, тәрбиеші А.М. Павлинина