«Білім беру мазмұның жаңартылуы» бойынша шығармашылық топтың отырысы
«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» Сенека
2016-2017 оқу жылында ай сайын біздің мектепте Павлодар қаласының білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері үшін білім беру мазмұның жаңартылуы бойынша шығармашылық топтың отырысы өтеді. Шығармашылық топқа қала мектептерінің 25 мұғалімі қатысады. Білім беру мазмұның жаңартылуы бойынша мұғалімдердің туындаған сұрақтарына әдіскер Нұргүл Шалабайқызы жауап береді. Топ жетекшісі қала ұстаздарына 1 сыныптарға арналған қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау бойынша тапсырмалардың үлгілерін көрсетіп, бағалау критерийлері мен дискрипторлары бар ұқсас тапсырмалар құрастыруларына бағыт-бағдар береді. Алдымыздағы “Әдістемелік-дидактикалық құралдары” атты қалалық сайысқа қызу дайындық жүріп жатыр. Қала мұғалімдері заманауи талаптарға сай оқу жоспарларын құрып өз тәжірибелерімен бөліседі. Осы ұйымдастырылып жатқан «Білім беру мазмұның жаңартылуы» атты шығармашылық топ өте тиімді деп ойлаймын. Шығармашылық топтың жетекшісі - Бакирова Г.М.