Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87472570462 (педагог-психолог Постоялко Максим Николаевич); 87079948894 (педагог-психолог Жаксылыкова Еркежан Бауржановна)
email: sosh39@goo.edu.kz
Мекенжайы: М. Горький к-сі, 33 ғимарат
тел.: 67-77-00 факс: 67-77-02
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 18-ден 19-ға дейін
Оцените работу нашего сайта
Голосовать
неудовлетворительно - 106
отлично - 87
удовлетворительно - 58
хорошо - 56
Всего проголосовало: 307
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің Президентім
29-11-2016 09:14
Әрбір адам өз Елінің тарихын білуге тиіс, соңдықтан мен өз шығармамда ежелгі дәуірден бастағым келеді. Негізінен, біздің нағыз қазақ жеріміз XV-інші ғасырда қазіргі Қазақстанның Оңтүстігінде Керей мен Жәнібек сұлтандарының басшылығымен қалыптасқан. Көптеген қиындықтар болған. Абылайхан да шайқасқа шықты, Жоңғар да шабуылдады, әлем аштығына да куә болдық. Бірақ, осы қиындықтар арқылы біздің жеріміз одан да күшті, одан да қуатты болды. Жуырда «Қазақ хандығына» 550 жыл өтті. Біздің бабаларымыз бізге осы жерді қалдырған, соңдықтан қайтсе де, біз өз Елімізді қорғауға міндеттіміз. Қазақстан Республикасы 1991-інші жылдан бастап тәуелсіз ел болып саналады,сондықтан тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл болғанына мақтан етемін. Қаншама ғасыр күткен тәуелсіздігімізді алған кезде жас ұрпақтың,біздің маңызымыз арта түсті.Жаңа тәуелсіз болған еліміздің шаңырағын құлатпайтын болсақ,нағыз отанын сүйген патриоттық сезім тула бойымызда тұнып тұрсын деп ойлаймын. Қазақстан Республикасының Ассамблеясына да жиырма бір жыл болып қалды. Осы жылдар бойынша біздің Елімізді адамтанымастай ғып өзгерткен. Бұның бәрі біздің Президентіміздің еңбегі арқасында. Біздің Еліміздің, Қазақстан жеріміздің басшысы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылдың 6-ншы шілдесінде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында сәби-жұлдыз дүниеге келді. Жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Оған бұл есімді бергені бекер емес болған, себебі араб тілінен аударғанда "Нұр" деген "жарық", ал "Сұлтан" деген "билік", "қожалық". Бұл есімнің аудармасы рас, Нұрсұлтан Назарбаев-Қазақстанның жарық дүниесі. Ол біздің жеріміздің өркендеуіне, гүлденуіне бәрін ұйымдастырды. Өте мықты, парасатты адам, ең адал қолбасшы. Қазақстанды дамыту мақсатында қан мен тер де,уақыт та қажет болды. Сол еңбекқорлық пен шыдамдылықтың арқасында біздің Еліміз жаңа заманға аяқ басты. Еліміздің ең ауқымды оқиғасы-EХРО-2017. Көрме тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, оның мақсаты- ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын көрсету. Менің ойымша, Қазақстан Еліміздің басшысы- ең жақсы басшы. Менің үйімде оның шығарған кітаптары бар, бірақ мен оларды әлі оқығам жоқпын, қайтсем де оқимын. Себебі ,бұл біздің елбасымыздың шын ойлары. Менінше,адам бойына біткен алуан қасиет, дарын туған топырақтан дариды.Ол күш-қуатты да, шабыт, дарынды да сол ортадан алған. Екіншіден, біздің ата-бабаларымыздың сүйегі осы туған жер топырағында жатыр.Үшіншіден,туған жерді көзінің қарашағындай сақтап, «мың өліп, мың тіріле» жүріп, келешек ұрпаққа өшпес мұра қалдырып отырған Елбасымыздың қолжазбалары.Ол бізге үлкен аманат. Болашақта мен Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсап, Еліме көмектескім келеді.. Біздің Президентіміз-біздің Болашағымыз! 9 «А» сынып оқушысы –Қамышкенова Азалия