Бүгін 2016 жылдың мамыр айының 5-ші жұлдызында «Бірыңғай «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Ұлы Отан соғысының ардагерін келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Құттықтау сөздері, өлеңдер, сыйлықтар мен шоқ гүлдер Нургаева Анна Ивановнаға табысталды. Анна Ивановна оқушыларға өз өмірінің қызықты сәттері мен соғыс кезіндегі қиындықтары туралы айтып берді. Елі үшін, жері үшін қасық қаны қалғанша жаумен алысқан, туымыз көкте желбіреу үшін өз өмірін қиған, төнген қауіптен, қара бұлттан өз ержүректілігімен алып шыққан ардагерлерімізге деген бүгінгі жастардың айтар алғысы мен нұрлы махаббаты шексіз. Тәуелсіздігіміз, еш уайымсыз өтіп жатқан түндеріміз, жарқырап атқан әрбір таңымыз – Сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі! Аға тәлімгер: Тугайбаева А.Т.