Қазан айының 14-15 күндері аралығында Павлодарда Омбы қаласының күндері тойланды. Екіжақты рухани-мәдени қарым-қатынасты нығайту мақсатында Павлодар қаласына Омбыдан 70-ке жуық делегат ат басын тіреді. Бұл күндері бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, меморандумдарға қол қойылды. Өнерпаздар Естай атындағы мәдениет сарайында концерттік бағдарламасын ұсынды. Өнер сүйер қауым, әсіресе қала мұғалімдері осы екі қаланың өнерін тамашалады. Бакирова Г.М.