«Тілдер айлығы» шеңберінде 18.09.2015ж.ІІІ«Ж» сыныбында «Туыс тілдер» тақырыбына ойын сабақ өтті.Мақсаты: ойын түрінде ауызекі сөйлеcу, ойындар,мақал -мәтелдердегі ұқсастықтар арқылы оқушыларға қазақ тіліне жақын тілдермен таныстыру,оларды біле жүруге үйрету. Балалар қазақ,қырғыз топтарына бөлінді.Әр топ ойынның түрлі кезеңінде белсенділік танытып отырды.Топ басшылары өздерінің топтарын жұмылдыра білді. Қорытынды кезеңінде оқушылар «Туыс тілдерді» қызығушылықпен іріктеп алып, көңіл- күйлерін смайликтер арқылы жеткізді.
Мұғалім: А.М.Сейтқазина