Қалалық Х Мәшһүр –Жүсіп оқулары

Жылда сәуір айында өтетін қалалық Машһүр- Жүсіп оқуларына біздің мектеп оқушылары да дайындалды. Машһүр -Жүсіп оқулары жылдағыдай үш кезеңнен тұрады. Үш кезеңнің бірі – эссе жазу. Бұл кезең бойынша 8 «Д» сынып оқушысы Бережной Антон дайындалды ( қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Успанова Г.Р) Оқушының қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылығы мол.Сабақ барысында белсенді оқушы ретінде өзін көрсете біледі. Ал қалалық Х Мәшһүр –Жүсіп оқуларында «Білімді зерек адам болам!» - десең... философиялық эссе жазу аталымында көркемдік шеберлікпен өзіндік ойын тамаша өрбітіп жазғаны үшін Антон ІІІ орынға ие болып, мадақтамамен табысталды.